Жапония
Жер аумағы, шекаралары, жағдайы: күн-шығыс елі. Аумағы жағынан Жапонияны Батыс Еуропадағы ең ірі елдермен және АҚШ-тың штаттарымен салыстыруға болады. Алайда, ол құрамы мен кескін – келбеті жағынан олардан мүлде өзгеше. Жапония төрт ірі және төрт мыңдай ұсақ аралға қоныстанған аралдар елі. Бұл тұтасымен аралдар әлемі! Жапония салыстырмалы түрде табиғи ресурстарға кедей де, жағалауға бай. Жағалау сызығының ұзындығы (30 мың км) жағынан ол АҚШ сияқты үлкен елді басып озады және бүкіл Африкамен теңестіруге болады.
Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді.
Азияның ең шығысында Жапонияның орны оның «Күншығыс елі» дейтін атауынан да бейнелі көрініс тапқан.
Халқы: табиғи өсу ерекшелігі, ұлттық құрамы, орналасуы. Жапония халқының саны жағынан дүние жүзі елдерінің «алғашқы ондығын» аяқтайды. Алайда соңғы онжылдықтарда халқының табиғи өсу сипаты күрт өзгерді. Жапония өсудің екінші түрінен бірінші түріне өткен Азиядағы мемлекетке айналды .
Бұл «демографиялық революция» өте қысқа мерзімге өтті. Ол жапон қоғамының аса ірі әлеуметтік – экономикалық қайта құрылуының, білім беру мен денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуінің нәтижесінде іске асты. Жапония – дүние жүзінде балалар өлімінің көрсеткішінен ең төмендігімен және өмір сүру орта жасы бойынша көрсеткішінің ең жоғарылығымен танылған салауатты адамдар елі. Сондай-ақ оған мемлекеттік демографиялық саясат үлкен әсер етті. Онда отбасының мәселелерін жоспарлау жөніндегі сабақтар мектептің жоғары сыныптарында-ақ өткізіледі. Неғұрлым кеш некелесу қатты насихатталады.
Жапония халқының ұ л т т ы қ қ ұ р а м ы мүлде бірыңғай. Бұл – типтік бір ұлтты ел, мұнда жапондықтар халықтың 99% -ынан астамын құрайды. Жапон тілі қте ерекше және басқа тілдік топтардың бірде-біреуіне қосылмайды. Әрі иероглиф, әрі буындық әліппе ретінде пайдаланылатын қазіргі жапон жазуының жүйесі де өте күрделі.
Елде ерте феодалдық кезеңнің өзінде енген екі негізгі дін бар: синтоизм және буддизм. Дінге сенушілер бір мезетте қатар өмір сүріп жатқан осы екі дінді де тұтынады; қайсысының әсері басым болса, соған көбірек ден қояды.
Жапония – балаларды ең ерте жастан бастап оқытып, тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлетін бірден-бір жоғары мәдениетті, жаппай сауатты ел. Жапонияда университеттердің саны бүкіл Батыс Еуропадағыдан көп. Бұл ел – байырғы мәдениетті, әсемдікті және тұрмыс дәстүрін берік сақтаған, жапондық өмір салты дейтін түсініктің құрамына енетін ежелден келе жатқан мәдениеттті ел.
Жапондардың ұлттық дәстүрлерінің бірі – қоршаған ортаны , ағаштар мен гүлдерді, жануарларды аялап, қорғау дәстүрі адамдардың бойына бала жастан сіңіп, қалыптасады. Сондықтан Жапонияда әрбір маусым бойынша табиғатта серуендеу кең өріс алған, мысалы: көктемде жабайы шиенің (сакура) гүлдеуін, күзде үйеңкі орманын тамашалау ұлттық мекерелердің біріне айналған. Қазір осылардың бәрі батыстан елес бере бастады.
Х а л ы қ т ы ғ ы з д ы ғ ы н ы ң орта есебі бойынша (1 км2 –ге 340 адамнан) Жапония дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Шын мәнінде мұнда халықтың тығыздығы едәуір жоғары, өйткені елдегі халық түгел дерлік жағалық ойпаттар мен өзен аңғарлары
Одними из наиболее популярных услуг на рынке IT-технологий являются создание и продвижение лендингов. Они способны положительно влиять на деятельность любого бизнес-проекта в интернете. Судя по многочисленным отзывам, заказавшие создание лендингов люди ни разу не пожалели о потраченных деньгах. Они вложили в будущее, которое неразрывно связано с интернетом. Всё больше и больше предпринимателей обращаются к услугам разных агентств, веб-студий, чтобы заказать создание лендинга у профессионалов.