ReferatWorld.ru

Абай нанбаев 1845-1904

Абай Құнанбаев.

(1845-1904)

Абай Құнанбаев (Ибраһим) 1845 жылы 10 тамызда бұрынғы Семей уезі,Шыңғыс болысында дүниеге келген. Абай Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған.Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руынан шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы. «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан үміт күтеді.

Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды.Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді.Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами,Сағди,Қожа Хафиз,Навои,Физули,Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып,ертегі,дастан,қисса сияқты әдеби мұралармен танысады.Қаладағы медреседе үш жыл діни оқу арқылы Абай араб,парсы,шағатай тілдерін жетік біліп алды. Қазақтық халықтық өлең-жырларын,ертегі,қисса,аңыз-әңгімелерін әжесі Зере бәйбішеден халық ақындары Шөже,Бәйкөкше,Балталардан естіп,жастай жадына сақтады.Әкесі Абайды медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Орыс әдебиетімен танысуы көп ықпал етеді.

Абай айналасындағылармен әзіл-қалжың түріндегі сөз қағыстыруларда оның тілінде тақпақ, ұйқасты оралымдар ұшыраса бастайды. Қазақ салтында бар бірер ауыз өлеңмен сөзге тарту, біреудің кемшілігін өлең қылу сияқты қылықтар да кездесіп қалып отырады. Бірақ, бұл оның ақындық жолға талпынысы емес еді. Өйткені, Құнанбай сияқты кісілер тұқымына ақын-әншілікті кәсіп қылу мін саналған. Тілді, тапқыр Құнанбайдың өзі де, оның әжелері мен аталары да бірер ауыз өлең шығара беретін болған. Ондай өлең сөздерінің ел есінде сақталып, біздің заманға жеткендері де жоқ емес. Бірақ олардың ешқайсысы да онысын ақындық санамаған. Әйтсе де кішкентай Абайдың үлкендерге еліктеп әзіл-оспақ ретінде шығарған шумақтарынан туа дарыған ақындық танылғандай. Болашақ данышпан ақынның 10 жасында шығарған сондай бір шумақ өлеңі сақталған. Оның шығармаларының толық жинақтары, әдетте, сол өлеңмен басталады.

Абай парсы,тәжік әдебиетінің кемеңгері Фирдоусидің,әзербайжан ақындары Низами мен Физулидің,парсы ақындары Сағди мен Шәмсидің, түрік ақыны Сейхалидің,өзбек классигі Навоидың көптеген шығармаларын,оның ішінде «Шаһнама»,«Ескендір-нама», «Ләйлі-Мәжнүн», «Фархат-Шырын» және арабтың «Мың бір түн» сияқты тамаша туындыларын сүйіп оқып,сол арқылы Шығыс елдерінің тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен,әдет-ғұрпымен танысты.Олардың кейбіреулерін өз шығармасыны

Внимание, отключите Adblock

Вы посетили наш сайт со включенным блокировщиком рекламы!
Ссылка для скачивания станет доступной сразу после отключения Adblock!

Скачать
Рефераты по литературе и русскому языку Абай Құнанбаев. (1845-1904) Абай Құнанбаев (Ибраһим) 1845 жылы 10 тамызда бұрынғы Семей
Оценок: 1006 (Средняя 5 из 5)

Одними из наиболее популярных услуг на рынке IT-технологий являются создание и продвижение лендингов. Они способны положительно влиять на деятельность любого бизнес-проекта в интернете. Судя по многочисленным отзывам, заказавшие создание лендингов люди ни разу не пожалели о потраченных деньгах. Они вложили в будущее, которое неразрывно связано с интернетом. Всё больше и больше предпринимателей обращаются к услугам разных агентств, веб-студий, чтобы заказать создание лендинга у профессионалов.

© 2017 - 2022 ReferatWorld.ru