Тақырыбы: « Кәсіпкерлік шарт туралы түсінік »
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Кәсіпкерлік шарт түсінігі
2. Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері
3. Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері
ІІІ Қорытынды
IV Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисті Йозеф Алоиз Шумпетер ерекше мән беріп, былайша айтып өткен болатын: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Шындығында да кәсіпкер нарықта өмір сүру үшін жаңалық енгізіп, сұранымдарды қанағаттандырып, өз жұмысын дұрыс басқарып, ұйымдастыруы қажет. Бұл айтылған сөздер кәсіпкерліктің қоғамға қажетті екендігін көрсетеді.
Жалпы кәсіпкерлердің нарықтық экономикада өзара қарым-қатынастарын реттеуде кәсіпкерлік шарттардың маңызы өте зор болып табылады. Әрбір кәсіпкер кәсіпкерлік қарым-қатынаста келісім-шарт мәдениетін анық сезінуі керек. Бұл шарттар кәсіпкерлердің өз қызметін жүргізу жұмысын жүзеге асырудағы құқықтарын, жауапкершілігін айқындайтын, реттейтін негізгі құқықтың ерекше элементі болып табылады. Бүгінгі күнде сол себептен кәсіпкерлер қызметінде кәсіпкерлік шарт маңызды болып табылады.
Осы мәселеге байланысты реферат тақырыбын «Кәсіпкерлік шарт туралы түсінік» деп алдым. Бұл рефераттың құндылығы – кәсіпкерлік шарт ұғымын түсіндіру және оның түрлерін, шарт жасау, өзгерту және тоқтату ерекшеліктерін анықтауда болып табылады. Реферат негізгі үш бөлімді қамтиды:
1) Кәсіпкерлік шарт түсінігі – бұл жерде жалпы кәсіпкерлік шарт дегеніміз не, яғни «кәсіпкерлік шарт» ұғымына тоқталып өттім;
2) Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері – бұл бөлімде кәсіпкерлік шарттардың өздеріне тән ерекшеліктерін қарастырдым;
3) Кәсіпкерлік шарт жасасу, оны өзгерту және тоқтату ерекшеліктері – жалпы кәсіпкерлік шарт қалай жасалады, оның тәсілдері және де толықтырулар енгізу қажет болған жағдайдағы өзгерту жолдарын, сонымен қатар шарттардың жұмыс істеу мерзімін тоқтату тәсілдерін қарастырып өттім.
1. Кәсіпкерлік шарттың түсінігі және мәні туралы мәселе, бірінші кезекте, шартты түсінудің бұрыннан бар тәсілдеріне талдау жасауды талап етеді. Бұл мәселеге қатысты тәсілдерінің алуан түрлілігі римдік құқықтан бастау алады, ал оның ережелеріне сәйкес шартты құқықтық қатынастардың пайда болуының негіздемесі, сол негіздемеден шығатын құқықтық қатынастың өзі немесе тиісті құқықтық қатынас қабылдайтын форма ретінде қарастыруға болады.
Шарт жағдайындағы қазіргі заманғы түсініктер жоғарыда келтірілген аспектілерді бойына сіңірген: шарт ретінде екі немесе бірнеше адамның азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы туралы келісімін танумен қатар, шарт деп оның барлық қатысушыларының еркі бойынша заңдық факт, құқықтық қатынас, құжат, міндеттемелердің пайда болуын тіркейтін кесім және басқалары түсініледі. Айтылғандарды есепке ала отырып, көпұғымды түсінік ретінде шартты тараптардың келісімі, заңдық факт және солардан туған құқықтық қатынас деп қарастыру ең қолайлы тәсіл болып табылады.
Кәсіпкерлік шарттың мәні туралы мәселеге көше отырып, «шаруашылық шарт» терминінің өткен жүзжылдықтың 30 жылдары бастапқыда өнім беру шартының синонимі ретінде пайда болғанын айтқан жөн. Кейіннен шаруашылық шарт түсінігі социалистік ұйымдардың шаруашылық қатынастарында пайдалану үшін арнайы белгіленген шарттарды қамтитын ерекше құрылымға дейін кеңейді. Ғалымдардың «шаруашылық шарттарының» құқықты
Одними из наиболее популярных услуг на рынке IT-технологий являются создание и продвижение лендингов. Они способны положительно влиять на деятельность любого бизнес-проекта в интернете. Судя по многочисленным отзывам, заказавшие создание лендингов люди ни разу не пожалели о потраченных деньгах. Они вложили в будущее, которое неразрывно связано с интернетом. Всё больше и больше предпринимателей обращаются к услугам разных агентств, веб-студий, чтобы заказать создание лендинга у профессионалов.