ReferatWorld.ru
» » » Батыс Еуропада ы орта асырлы философия
Вернуться назад

Батыс Еуропада ы орта асырлы философия

Батыс Еуропадағы ортағасырлық философия

Қаралатын мәселелер:

I. Ортағасырлық философияға тән сипаттар.

2. Ертехристиандық философия: Әулие Августин.

3. Парасат пен сенім қатынасы.

4. Пьер Абеляр.

5. Ортағасырлық батысеуропалық философия: Фома Аквинский.

6. Араб философиясының даму кезеңдері.

7. Әл-Кинди.

8. Әбу Насыр әл Фараби.

9. Ибн-Сина.

10. Ж.Баласағұн мен М.Қашқаридың философиясы.

II. Суфизм. Қожа Ахмет Иассауи.

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тауарына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушы-лар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне бай-ланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздың ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін алолегетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстиан Мученик (100-167 ж.ж.), Тациан (2ғ. екінші жартысы), (Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс (160-222 ж.ж.) т.б. Олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыадамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек филоофтарынан гөрі тереңірек, ауқыды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да олрды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікіді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнын басатын христиандық-діни философия жасауға бар күштерін салды. Барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай - нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар. Жалпы нақтылықтың уақыттықбастамасы жоқ (Тертуллиан). Осы тұрғыдан апологеттер платоншылар мен гностиктердің тән және жан туралы ілімдеін де сынға алады. Апологеттердің христин дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру қажет деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты мен өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері ортағасырлық философияның келесі сатысы - патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты.

Патристика (раіер - әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (Ш-VI ғ.ғ.). Негізгі өкілдері: Клемент Александрийский, Амворсий Майландский (340-397 ж.ж.), Августин Блаженный (354-430 ж.ж.) т.б. Ш-ІV ғасырларда жүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда Христостың табиғаты туралы пікірлер (құдайлық, немесе адамдық табиғаты туралы) ал 323ж. ұлы император Константин христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін, саяси-шіркеулік мәселелер алдыңғы шепке шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін тапты. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол - аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оны осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін августинизм деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындады. Негізгі еңбектері: «Тәубеге келу», «Құдай қаласы туралы» т.б.

Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып т.б. оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (адам оған лайықты болмаса да,) немесе азаптарға (жазықсыз болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді. Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне сенімділігі (бұл сенімнің негізі құдай) мен құдайға деген сүйіспеншіліктің танымдық күші жатыр. Осы түсі

Внимание, отключите Adblock

Вы посетили наш сайт со включенным блокировщиком рекламы!
Ссылка для скачивания станет доступной сразу после отключения Adblock!

Скачать
Рефераты по философии Батыс Еуропадағы ортағасырлық философия Қаралатын мәселелер: I. Ортағасырлық философияға
Оценок: 1006 (Средняя 5 из 5)

Одними из наиболее популярных услуг на рынке IT-технологий являются создание и продвижение лендингов. Они способны положительно влиять на деятельность любого бизнес-проекта в интернете. Судя по многочисленным отзывам, заказавшие создание лендингов люди ни разу не пожалели о потраченных деньгах. Они вложили в будущее, которое неразрывно связано с интернетом. Всё больше и больше предпринимателей обращаются к услугам разных агентств, веб-студий, чтобы заказать создание лендинга у профессионалов.

© 2017 - 2022 ReferatWorld.ru